«Ұлы даланың інжу-маржаны»

«Ұлы даланың інжу-маржаны»
almaty-akshamy.kz

Алматы мұражайларының экспонаттары Оңтүстік Кореядағы көрмеде көрсетілді

Сеулде Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай «Ұлы даланың інжу-маржаны» атты халықаралық көрме ашылды.

Көрме Жетісу өңірінің тарихын, қазақ халқының музыкалық мәдениетін және Алматы қаласының ерекшеліктерін бейнелейтін бірнеше негізгі тақырыптық бөлімдерден тұрады. Көрмеге келушілерге Алматы музейінің қорынан арнайы әкелінген 130-дан астам экспонат қойылды.

Іс-шара аясында Сеул қаласының тарихи музейі мен Алматы мұражайы арасында «Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі» КМҚК ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, 2023 жылы жауап көрмені өткізу туралы уағдаластыққа қолжеткізілді.