Алматы мен Астана ауасы ең лас қалалар тізіміне енді

Алматы мен Астана ауасы ең лас қалалар тізіміне енді
Сурет: Vlast.kz

Қазақстандағы тоғыз қаланың атмосфералық ластануы жоғары деңгейде.

"Қоршаған ортаға барынша әсер ететін ірі өндірістік компаниялардың қызметін экологиялық бақылау" туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов ауасы лас қалалар тізімін жария етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

"Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполиста, 9 қалада атмосфералық ауаның ластануы жоғары деңгейде. Бұл – Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалалары. Өткен жылы мұндай қалалардың саны 10 болған еді. Алайда, осы жылдың басында "жоғары" деңгейден "орта" деңгейге өткен Жезқазған қаласы тізімнен шығарылды", - дейді Зұлфұхар Жолдасов.

Оның айтуынша, еліміздің экологиялық ахуалына ең алдымен бизнес қауымдастық әсер етеді. Өйткені қоршаған ортаға кез келген өндіріс өмір бойы әсер етеді. Су объектілері, топырақ, ауа, өсімдік және жануарлар әлімен тигізген зиян, кез келген кәсіпорынның айыппұлға ілінуіне ықпал етуі мүмкін. Дегенмен, қазір кәсіпорындар жасыл экономикаға бет бұрып келеді.

"Өйткені табиғатты қорғау тәуекелдері бизнес беделіне әсер етеді", - дейді Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов.