ҰҚК радикалды идеологияны насихаттаған азаматты ұстады

ҰҚК радикалды идеологияны насихаттаған азаматты ұстады
Сурет: видеодан алынды

Шымкентте ҰҚК қызметкерлері радикалды идеологияны насихаттаушыны ұстады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ер адам әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметтері бойынша, азамат ұзақ уақыт бойы шет мемлекеттердің бірінде тұрған және радикалды идеологияға сол жақта бет бұрған", – деп хабарлады арнайы қызмет.

Ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 256-баптың осы бөлігінің санкциясы мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.