ҰБТ-ның бірінші аптасында ереже бұзған 21 адамның нәтижесі жоққа шығарылды

ҰБТ-ның бірінші аптасында ереже бұзған 21 адамның нәтижесі жоққа шығарылды
Сурет: Stan.kz

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, өткен аптада тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 21 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Біз ҰБТ-дағы әрбір жоғары нәтижені тексереміз», - деді ол.

Сонымен қатар ол жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлерді қайта бақылау барысында ерекше назарға түскен тестіленушіге тоқтады.

«Тест тапсырушы қаңтар айында 7️2 балл, ал негізгі ҰБТ-да 1️30 балл жинаған. Нәтижесі бірден 5️8 балға өскен, сондықтан біз қосымша күшейтілген бақылауды өткізуді жөн көрдік», - деді орталық директоры.

Бейнежазбаларды тексеру барысында талапкердің ҰБТ ережелерін бұзғандығы белгілі болды. Ол тестілеу барысында бейнекамера мен миниқұлаққап қолданған. Осыған жол берген қызметші тестілеуден шеттетілді. Қызметтік тексеріс жүргізіліп, тиісті шара қолданылады. Ал тест тапсырушының нәтижелері жойылды. Енді ол екінші мүмкіндігін қолдана алмайды.

«Достар, жүйені алдауға тырысудың қажеті жоқ. Жауапкершіліктен ешкім құтыла алмайды. Сіздерді тағы да академиялық адалдықты сақтауға шақырамын. Ал біз бақылауды одан әрі күшейтетін боламыз», - деп жазды ол.