Вакцинаның бірінші компонентін 9 480 188 адам салдырды

Вакцинаның бірінші компонентін 9 480 188 адам салдырды
Сурет: Gov.kz

Оның ішінде 1 080 437 алматылық тұрғын да бар.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы мәліметтерге сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцинаның 2-ші компонентін 9 234 609 адам салдырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 046 638 адам, ІІ дозасын 896 730 адам салдырған.

Оның ішінде І компонентін 817 207 жасөспірім, 37 830 жүкті әйел, 135 186 бала емізетін әйел салдырған. ІІ компонентін 740 597 жасөспірім, 32 498 жүкті әйел, 117 794 бала емізетін әйел қабылдаған.