Алматының әкімі Алатау ауданының тұрғындарымен кездеседі

Алматының әкімі Алатау ауданының тұрғындарымен кездеседі
Сурет: Bugin.kz

Кездесу 28 сәуір күні сағат 15.00-де өтеді.

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Кездесу 28 сәуір күні сағат 15.00-де Саялы ықшам ауданы, Аққайнар көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан №204 мектеп ғимаратында өтеді.