Алматыда Еуразия мәдениеттерін жақындастыру форумы өтті

Алматыда Еуразия мәдениеттерін жақындастыру форумы өтті
Сурет: 24.kz

Әлем елдері өзара саналы тәуелділік дәуіріне келуі керек

Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменовтің бұл философиялық формуласы бүгін Алматыда өткен Еуразия мәдениеттерін жақындастыру Халықаралық форумына негіз болды. 

Дүниежүзіндегі зорлық-зомбылық ошақтары, «өркениеттер қақтығысы», идеологиялық діни көзқарастар – мұның бәрі тұтас адамзаттық сананың жоқтығынан, дейді сарапшылар. Қазақстан, Испания, Үндістан, Франция, Түркия, Ресей елдерінің озық ойлы өкілдері «Әлемдегі мәдени сәйкестік», «Өзара тәуелділік мәдениетін дамытуға арналған білім» тақырыптары төңірегінде ой бөлісті.  

«Біз саналы өзара тәуелділікке келуіміз керек. Міне, негізгі кілт осы. Біз тәуелді екенімізді түсінуіміз керек. Бірақ бұл саналы болуы керек. Бірін-бірі қыспаққа алу емес, өзара тәуелділік мәдениеті аясындағы қарым-қатынас керек. Бүгінгі жиын планетарлық сананы қалыптастыруға жасалған игі қадам дер едім», - деді мәдениеттанушы Мұрат Әуезов.