«URKER-2022»: Үздік өңірлік БАҚ анықталды

«URKER-2022»: Үздік өңірлік БАҚ анықталды

Ұйымдастырушылар ұсынған дерек бойынша биыл бұл бәйгеге 544 өтінім түскен

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2022» ұлттық бәйгесінде үздік деп танылған бұқаралық ақпарат құралдары марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жеңімпаздардың тізімі төмендегідей:
«Жылдың үздік жаңалықтар порталы»: Zakon.kz.
Радиостанциядағы үздік жоба: «Ой – түйін» – Qazaq radiosy.
Үздік өңірлік БАҚ: «Saryarqa samaly» газеті.

Жеңімпаздарға «URKER» естелік мүсіншесі және 1 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды.

Кеше 13 номинация бойынша іріктелген финалистердің есімі жарияланған болатын.

Ұйымдастырушылар ұсынған дерек бойынша биыл бұл бәйгеге 544 өтінім түскен. Өтінімдердің көбі «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал», «Жылдың үздік сұхбаты», «Жылдың үздік аналитика материалы» және «Жылдың үздік репортажы» номинациялары бойынша түскен.

Сол өтінімдердің ішінен 52 номинант іріктелген болатын. Қазылар алқасы бүгінсолардың ішінен «URKER-2022» сыйлығына лайықдеп тапқан журналистердің есімін анықтады. Қазылар алқасының әр аталым бойынша жасақталған құрамын мына жерден көруге болады. https://urker-awards.kz/