UFC: Сергей Морозов жеңіске жетті

UFC: Сергей Морозов жеңіске жетті
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-5) Лас-Вегаста (АҚШ) кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

UFC Vegas 57 турнирі аясында өткен жекпе-жекте, Сергей Морозов бразилиялық Раулиан Пайвамен (21-4) үш раунд бойы айқасып, қортындысында төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Айта кетейік, бұл Морозовтың UFC турниріндегі төртінші жеке-жегі. Қазақстандық файтер Умар Нурмагомедов және Даглас Сильва де Андрадеден жеңіліп, Халид Таханы жеңген болатын. Ал бразилиялық спортшының бұл UFC-дегі жетінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін тағы бір қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловты (14-7) жеңген еді.

Сонымен қатар UFC тарихында алғаш рет бір турнирде бірден екі қазақстандық өнер көрсетті.