Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын өсіп жатыр

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын өсіп жатыр
Сурет: Vlast.kz

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған66 жағдай тіркелді. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 15, Алматы қаласында - 42, Шымкент қаласында – 3,Ақмола облысында – 2, Қарағанды облысында - 3, Қызылорда облысында -1 адамнан анықталды. Соңғы күндері Қазақстан коронавирус жұқтырғандар санының өсу динамикасы байқалуда. Мысалы, кеше вирус жұқтырған 57 жағдай тіркелсе, 24 маусымда инфекция жұқтырған 54 адамнан анықталды. Оның алдандағы күнгі мәлімет бойынша коронавирусты инфекциясын жұқтырған 42 жағдай, одан кейін күні 32 адамнан коронавирус анықталды. Ал 20 маусымда тек Нұр-Сұлтан мен Алматыда 12 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 233 жетті. Сонымен қатар өткен тәулікте 23 адам коронавирус инфекциясынан жазылып, жалпы оның саны 1 292 251 адамды құрады.