УЕФА Чемпиондар лигасы: 1/8 финалдың жеребесі екінші рет өтті

УЕФА Чемпиондар лигасы: 1/8 финалдың жеребесі екінші рет өтті
Сурет: Мetaratings.ru

УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде 2021/2022 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі екінші рет тартылды

Елорда уақытымен 17:00-де жеребе тартылып, барлық жұп анықталған еді. Алайда, рәсім барысында екі ірі қателік кеткендіктен, жеребені қайта тартуға тура келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап

Ережеге сай, 1/8 финалда топтық кезеңде бірінші орын алған команда өзге топта екінші орын алған командамен кездеседі. Бірақ бір елдің қос командасы жолықпайды.  

Жеребе қорытындысы:

«Ред Булл Зальцбург» (Австрия) - «Бавария» (Мюнхен, Германия);
«Спортинг» (Португалия) - «Манчестер Сити» (Англия);
«Бенфика» (Португалия) - «Аякс» (Нидерланды);
«Челси» (Лондон, Англия) - «Лилль» (Франция);
«Атлетико» (Мадрид, Испания) - «Манчестер Юнайтед» (Англия);
«Вильярреал (Испания) - «Ювентус» (Турин, Италия);
«Интер» (Милан, Италия) - «Ливерпуль» (Англия);
«Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Реал» (Мадрид, Испания).

Сондай-ақ, 1/8 финалдың алғашқы ойындары 2022 жылы 15/16/22/23 ақпанда, қарымта кездесулер 8/9/15/16 наурызда өтеді деп жоспарланған.