Тұмау мен коронавирустан бірдей қорғайтын вакцина шығарылады

Тұмау мен коронавирустан бірдей қорғайтын вакцина шығарылады
Сурет: Vedomosti.ru

Бір мезгілде екі аурудан қорғайтын аралас препарат келесі жылдың аяғында пайда болуы мүмкін. Енді ғалымдар оны қолданыстағы штаммдарда жасау технологиясын пысықтап жатыр, 2022 жылдың басына қарай клиникалық сынақтар басталады.

 Гамалея атындағы ғылыми-зерттеу орталығы директорының мәлімдеуінше, 2022 жылы Ресейде коронавирус инфекциясы мен тұмауға қарсы бір вакцина пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «РИА Новости» сайтына сілтеме жасап.

Александр Гинцбургтың айтуынша, бұл бір вакцинада S ақуызының үш, төрт немесе бес түрлі генетикалық нұсқалары бар препарат. Сынақтар сәтті болған жағдайда, COVID-19 бен тұмаудан бір уақытта қорғауға арналған вакцина жасалады.