ТЖМ штаты тағы 121 бірлікке ұлғаяды

ТЖМ штаты тағы 121 бірлікке ұлғаяды
Сурет: ашық дереккөз

2024 жылдың 1 қаңтарынан Төтенше жағдайлар министрлігінің штат саны 121 бірлікке ұлғайтылады.

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкіметтің 2023 жылғы 13 ақпандағы №122 қаулысымен ТЖМ лимиті 1 613 бірлікке ұлғайтылды. Сондай-ақ, осы жылы Үкімет ТЖМ штат санын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы 121 бірлікке ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бір мезгілде 2025-2026 жылдарға қосымша штат санын бөлу, оның ішінде жаңадан жұмыс істеп тұрған өрт сөндіру деполарының саны аз өрт сөндіру бөлімдерін нығайту, шұғыл медициналық көмек бригадаларын, селден қорғау топтарын, профессор-оқытушылар құрамын, сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік және мемлекеттік өрт бақылау инспекторларын күшейту туралы мәселе пысықталатын болады», - деді Үкімет басшысы жауабында.