ТЖМ мамандарына күніне 30 мың теңге қосымша ақы төленеді

ТЖМ мамандарына күніне 30 мың теңге қосымша ақы төленеді
Сурет: Gov.kz

Үкімет жоспары.

Қазақстандағы төтенше жағдай мамандарына қосымша ақы төленеді. Бұл туралы министр Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайдыAlmaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.

 «Қазір біріншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріндегі әріптестерімізбен келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлеріміздің жалақысын көтеру туралы Премьер-Министрге хат жазып, қол қоюға жібердік. Сол хатта төтенше жағдайды жою кезіндегі жұмыстардың күрделілігіне қарай қосымша үстемақы төлеуді қарастырып отырмыз. Сондықтан ондай жұмыстар ҚР аумағында және одан тыс жерлерде жүргізілсе, ақы төленеді», - деді ведомство басшысы Сенат отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар министр үстемақының сомасына тоқталды.

«Төленетін үстемақы сомасы қызметтік жалақының пайыздық арақатынасына байланысты. Біз қазіргі уақытта өтініште жалақының 20 пайызы деп көрсеттік. Егер қызметтік жалақыны жоғары көтерсек, аса күрделі жұмыстарда әр жұмыс күні үшін бұл орта есеппен 30 мың теңгеге сәйкес келеді», - деді Юрий Ильин.