Еліміз импортты отандық өнімге ауыстыруды жоспарлап жатыр

Еліміз импортты отандық өнімге ауыстыруды жоспарлап жатыр Cурет: Ашық дереккөз

Жалпы сомасы 1,4 трлн теңгеге 90 жобаны іске қосу жоспарлануда


Бір айдың ішінде әр облыс импортты алмастыратын тауарлардың жоспарын ұсынуы тиіс, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Олар жақын арада импорттық тауарларды отандық тауарлармен алмастырғысы келеді. Әзірге барлық өңірлер шетелден келетін қандай тауарларды отандық тауарлармен алмастыра алатынын және бұл үшін ресурстар жеткіліктілігі  жоспарын ұсынуы керек.


Кеше елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға арналған жиында импорт алмастыруды дамыту мәселелері талқыланды. Үкімет қазірдің өзінде белгілі бір жоспарларды атады.



«Қазіргі уақытта талдау негізінде импортты алмастыру бағдарламасының жобасы әзірленді, оның негізгі мақсаты импортты азайту, экспорттық артықшылықтарды және отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіп салаларында инвестициялық жобалар пулы қалыптасты. Тізімге жалпы сомасы 13,3 трлн теңгені құрайтын, 88 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құру әлеуеті бар импортты алмастыратын 444 жоба енгізілген», – деп мәлім етті Премьер-министрдің баспасөз қызметі.



Биылдың өзінде Қазақстан өңірлері бойынша индустрияландыру картасына сәйкес 10,8 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 1,4 трлн теңгеге 90 жобаны іске қосу жоспарлануда.



«Бүгінде бұл мәселе әлемдегі қазіргі геосаяси жағдайға байланысты өзекті болып отыр. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жандандырып, импортты алмастыратын жобаларды жүзеге асыру үшін инвестиция тарту қажет», – деді Премьер-министр Әлихан Смайылов.



Жақын арада қазақстандықтар қандай отандық тауарларды импорттық тауарлармен алмастыра алатынын анықтайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10