Антибиотиктерді дәрігер нұсқауымен ғана қабылдау керек – эпидемиолог

Антибиотиктерді дәрігер нұсқауымен ғана қабылдау керек – эпидемиолог
Сурет: Ашық дереккөзі

Жіті-респираторлық вирустық инфекцияның таралуына жол бермей, маман кеңесіне құлақ асу маңызды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлер эпидемиологиялық маусымда өздігінен ем жасау қауіпті екенін тағы бір мәрте тұрғындар қаперіне салды. Қазір өңірлерде 764 мыңнан астам адам вирустық инфекция, тағы 500-ден астамы тұмау жұқтырған. Науқастардың 80%-і балалар. 

Эпидемиологтардың айтуынша, елде әрбір үшінші бала жіті-респираторлық вирусқа шалдығуға бейім, әрбір 10-ересек адамның тұмау жұқтыру қаупі бар.