ТЖМ бөлімшелері қызметтің күшейтілген режиміне көшті

ТЖМ бөлімшелері қызметтің күшейтілген режиміне көшті
almaty-akshamy.kz

ТЖ министрі қазақстандықтарға үндеу жасады

30 желтоқсаннан 3 қаңтар аралығында ТЖМ бөлімшелері төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін қызметтің күшейтілген режиміне көшті.  Күштер мен құралдар тұрақты әзірлікте тұр.

Мереке күндері ауа-райының қолайсыздығына байланысты ТЖМ азаматтардан дауылды ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылауды, сондай-ақ алыс сапарға шықпауды сұрайды.

Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз.

Қазіргі уақытта ауа-райының күрт жылынуына байланысты еліміздің кейбір өңірлерінде су айдындарында мұздың жұқарғаны байқалады. Осыған байланысты азаматтардан жұқа мұзға шықпауды және қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз!

Жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастырушылар мен азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырамыз. Үй-жайда отшашулар мен өртке әкелуі мүмкін басқа да өрт қауіпті жарық әсері бар құралдарды пайдалануға болмайды.

Пиротехникалық құралдарды абайсыз қолдану өрттің пайда болуына ғана емес, сонымен қатар жарақат пен мертігуге әкелуі мүмкін екенін еске саламыз.

Сонымен қатар, тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау қажет.

Қарапайым ережелерді сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Жаңа жыл отбасылық мереке екенін ескере отырып, оны үйде отбасымен қарсы алу ұсынылады.