ТЖД мамандары алматылықтарға ескерту жасады

ТЖД мамандары алматылықтарға ескерту жасады
Сурет: Aussiedlerbote.de

Күн астында серуендеуден, ашық аспан астында жұмыс істеп, жаттығу жасаудан аулақ болу сұралады. 

4 шілдеде Алматыда сынап бағаны 36 градусқа дейін көтерілетіні болжанады. Осыған байланысты Алматы қалалық ТЖД мамандары ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Қала тұрғындары мен қонақтарынан күн астында серуендеуден, ашық аспан астында жұмыс істеп, жаттығу жасаудан аулақ болу сұралады. Сондай-ақ, құтқарушылар дәрігердің ұсыныстарын орындап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау керектігін еске салады.

Аптап ыстық жүрек-қан тамырлары ауруларынан, артериялық гипертониядан зардап шегетіндер үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульт алу қаупі бар адамдар үшін өте қауіпті.