ТЖ кезінде байланыс операторлары SMS жіберуге міндетті

ТЖ кезінде байланыс операторлары SMS жіберуге міндетті
Сурет: интернеттен

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде  хабарламалар тұрғындарға уақытында жетпеген еді.

Жаңа норма болашақта осындай жағдайды болдырмау мақсатында қабылданып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Парламент мәжілісі кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Заң жобасына сәйкес, байланыс операторлары өз желілерінде хабар алмасу технологиясын қамтамасыз етуге міндетті болады. Бұл төтенше жағдайлар кезінде жіберілетін жедел SMS хабарламаларға байланысты.

Сондай-ақ байланыс операторлары жедел штабқа олардың өтініші бойынша мобильді байланыс станцияларын беруге міндеттеледі.

"Мысалы, орман өрті аймақтарын коммуникациямен қамтамасыз ету. Жалпы алғанда мұндай қажеттілік әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі болған кезде немесе төтенше жағдай жарияланған кезде туындауы мүмкін", - дейді депутаттар.

Сондай-ақ байланыс операторлары мүгедектігі бар жандар үшін жеңілдетілген ұялы байланыс тарифтерін енгізеді.