Тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғап, заңгерлік көмек көрсетуде

Тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғап, заңгерлік көмек көрсетуде
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті атқарып жатқан жұмыстары жөнінде брифинг өткізді.

Брифинг барысында, қазіргі уақытта сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті кешенді жедел жұмыс жүргізіп жатқаны, оның ішінде сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнама нормаларын сақтау бойынша мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыра отырып, азаматтарға уақтылы практикалық және заңгерлік көмек көрсетіліп жатқаны атап өтілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеуді тұрақтандыру шеңберінде, Алматы қаласы әкімінің орынбасары  А.Абдыкадыровтың төрағалығымен құрылған азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбектері бойынша делдалдық сызбаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссия әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушіден тұтынушыға жеткізу тізбегіндегі делдалдарды анықтау және жою бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

«Мониторинг шеңберінде делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссиядағы әріптестермен бірлесіп жұмыс істеу кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеуді асыра бағалауға ықпал ететін заңды тұлғалар мен делдалдық схемалардың 50-ден астам фактісі анықталды және жойылды. Тек соңғы екі айда тексеру іс-шараларын жүргізу барысында 30-дан астам заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп атап өтті Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы Данияров Геннадий.

Сондай-ақ, Департамент тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғауды жүзеге асырады, бірақ бизнес өкілдері уәкілетті органның қорытындысымен келіспейтін жағдайлар мерзімді түрде кездеседі, бұл жағдайда сот процестеріне дейін әрбір жеке жағдайды қарау жүргізіледі.

Департамент тарапынан тексеру процестерінің заңдылығына келіспеушілік бойынша бизнес өкілдері тарапынан сотқа талап қою жағдайлары орын алуда.

«А., азаматтың  өтінішіне сәйкес, Департамент FlyArystan «Эйр Астана» акционерлік қоғамына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқама негізінде өтініш берушіге ақшалай қаражат қайтарылды, сондай-ақ акционерлік қоғамға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарылды.

«Эйр Астана» өкілдері сотқа біздің Департаменттің тексеру нәтижелері бойынша тексеру актісін жарамсыз деп тану және бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы талап арыз берді. Нәтижесінде сот Департамент қабылдаған шаралар және жүргізілген тексерудің заңға сәйкестігі туралы шешім шығарды. Департаментке қатысты «Эйр Астана» акционерлік қоғамының әкімшілік талабын қанағаттандырудан толық көлемде бас тартылды» - Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы Данияров Геннадий түсіндірме берді.

Уәкілетті орган тарапынан іс-шаралардың реттілігіне және бизнестің тұтынушылар алдындағы міндеттерін тиісінше орындау рәсіміне мемлекеттік бақылауға негізделген құқықтар мен заңды мүдделерді қорғаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.