Тұшпараның зияны қандай?

Тұшпараның зияны қандай?
Сурет: Lifehacker.ru

Дәрігер-диетолог сатып алынған тұшпараны тым көп жеудің қаншалықты зиян екенін айтты.

Антонина Стародубованың сөзіне қарағанда, тұшпара пайдалы тағам емес. 100 г өнімде орташа есеппен 289 ккал бар. Сонымен қатар, сарапшы барлық жартылай фабрикаттардың құрамында тұз бен қаныққан майлар тым көп екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дәрігер тұшпара майға қуырылғанда немесе майонез сияқты тұздықтар қосылғанда калория мөлшері едәуір артады дегенді алға тартады. Бұл өз кезегінде жүрек пен қан тамырлары проблемаларына әкелуі мүмкін. Ал оның салдары онкологиялық аурулар, гипертония, семіздік, екінші типтегі қант диабеті қаупін тудыруы әбден мүмкін.

Бірақ бұл тұшпарадан толықтай бас тарту керек деген сөз емес. Ара-тұра 200-250 г жартылай фабрикаттар пайдаланудың зияны жоқ.

Сонымен қатар дәрігер қазірдің өзінде қайнатылған тұшпараны тұз бен майлы тұздықтарсыз пісіруді, буға пісіруді ұсынады.