Алматыда дәрігерлік амбулатория ашылады

Алматыда дәрігерлік амбулатория ашылады
Сурет: Egemen.kz

Сапалы медициналық қызметтер көрсету үшін қазіргі уақытта «Нұршашқан» шағынауданында 100 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салынып жатыр.

Оның құрылысына қатысты жұмыстар қыркүйек айында аяқталады. II тоқсанда Айбасов көшесінде 200 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сонымен қоса, II тоқсанда «РВ-90» (2022 жылғы желтоқсанда шарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты «АрхКомплекс» ЖШС-мен шарт бұзылды) және «Әлмерек» (ауданы 0,6 га жер учаскесін сатып алғаннан кейін) шағынаудандарында 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаториялардың жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін конкурстар жарияланады.

«Қайрат» шағынауданында 340 адам қабылдайтын емхананың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарын маусым айында аяқтау жоспарланған.

Аудан тұрғындарына әлеуметтік және спорттық бағыттағы объектілерді «қолжетімді» ету үшін қарқынды жұмыс жалғасуда.