Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 11 жоба іске қосылды

Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет»  аясында 11 жоба іске қосылды
gov.kz

Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында биыл  800 млн. теңгеге 28 жоба орындалуда, деді Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде.

Бүгінде 11 жоба іске қосылды, қалғандары осы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады. Жобаларды іске асыру аясында балалар, спорт және workout алаңдарын салу, Қарасу өзенінің бойында серуендеу аймағын (500 м), 1 шақырым жаяу жүргінші жолын реконструкциялау көзделген.

«Халық қатысатын бюджет» жобасын жалғастыру үшін бүгінгі күні ауданда 2023 жылға 164 өтінім келіп түсті. Рекреациялық аймақтарды құру мақсатында осы жылдың қазан айында «Аспан» паркін абаттандыру, Маяк тоғайын күрделі жөндеу аяқталады. Сондай-ақ, 2022 жылдың соңына дейін Молдағалиев және Чехов көшелеріндегі тағы бір серуендеу аймағын абаттандыру  жоспарланған. Әуежай паркін реконструкциялау 2023 жылдың мамыр айында  аяқталады.