Түркияның Алания қаласында болған жол апатынан тағы бір отандасымыз көз жұмды

Түркияның Алания қаласында болған жол апатынан тағы бір отандасымыз көз жұмды
Сурет: Halyq-uni.kz

Қазір Аланияның ауруханаларында жол апатынан зардап шеккен 4 жерлесіміз жатыр.

Одан бөлек 6 отандасымыз елге оралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 30-шілде күні Түркияның Алания қаласына демалуға барған 12 қазақстандық мінген автобус көлік апатына түсіп, бір адам мерт болған. Кенже Мұңайтпасұлының денесі елімізге жеткізілді. Ол соңғы бес жылда Маңғыстау облыстық адвокаттар коллегиясының мүшесі болған. Араға үш күн салып тағы бір адам көз жұмды.