Прокуратура медициналық мекемелерді тексеруді тапсырды

Прокуратура медициналық мекемелерді тексеруді тапсырды
Сурет: Elorda.info

Бұл жағдай Алматыдағы медициналық мекемеде АИТВ жұқтыру жағдайына байланысты қолға алынып отыр.

Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында үш пациенттің АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 118-бабының 3-бөлігі (екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша шаралар қабылдануда.

Қазақстанда соңғы 10 жылда медициналық мекеме жағдайында вирусты жұқтыру алғаш рет тіркелді.

«Сондықтан мұндай фактілердің алдын алу мақсатында Бас прокуратура Денсаулық сақтау министрлігіне стационарлық, амбулаториялық-емханалық және консультациялық-
диагностикалық көмек көрсететін ведомстволық бағынысты медициналық мекемелерде кешенді тексерулер жүргізу туралы талап жіберді»,- делінген ведомство таратқан мәліметте. 

Бірінші кезеңде 549 медициналық мекемені тексерулермен қамту жоспарлануда.

Айта кетейік, бұл мәселе Бас Прокурордың ерекше бақылауында.