Түркиядан тауар тасу жеңілдейді

Түркиядан тауар тасу жеңілдейді
Сурет: Trend.az

Бүгін Сенатта екі ел арасындағы кедендік рәсімдерді жылдамдататын келісім ратификацияланды.

Оның негізінде мемлекеттер арасындағы ақпарат алмасу және кедендік бақылау рәсімдері оңтайлындырылмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазір Түркия тауар айналымы бойынша кедендік одақтан тыс елдер арасында Қытай мен Италиядан кейінгі үшінші орында тұр. Биыл алғашқы жарты жылдықтың өзінде 2,9 млрд доллардың саудасы жасалған. Депутаттардың айтуынша, бүгінгі құжат жұмыс істей бастаған сәттен бастап алыс-беріс еселеп артады.

«Техникалық шарттар дайындалады. Техникалық шарттардың ішінде тәртіп, жүргізілетін қауіпсіздік мысалы құпия заттарды қамтамасыз ету мәселесі. Екінші мәселе, өтетін тауарлардың тізімі. Үшінші мәселе, айқындалатын жауапты адамдардың тізімі. Және белгілі тауарлар халықаралық стандарттарға сәйкестендірілгеннен кейін олар жеңілдетілген түрмен жасыл коридормен өтетін болады», - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков.