Түркияда үйінді астынан табылған отандасымыз Сабинаның қазір жағдайы қалай?

Түркияда үйінді астынан табылған отандасымыз Сабинаның қазір жағдайы қалай?
Сурет: Egemen.kz

Отандасымыз Сабина Мамадиярова 8 ақпанда Хатай провинциясындағы Антакья қаласында үйінді астынан құтқарылған еді. 

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда үйінді астынан табылған Сабина Мамадиярованың жағдайы туралы айтып берді,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ол Аданадағы Джейхан ауруханасына жедел жеткізілді. Зақымдалған қолына ота жасалды, ал Анталиядағы біздің бас елші оның жеке дәрігерімен сөйлесті. Қазір дәрігерлердің бақылауында, жанында жақындары бар», - деді ол.

Сабина  Мамадиярованың табылғаны туралы танысы Алмат Құрмашев мәлімдеген еді.