Түркияда татами шебері күш сынасады

Түркияда  татами шебері күш сынасады
gov.kz

29-31 наурыз аралығында Түркияның Анталья қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасы:

Ерлер:

60 келі: Нұрқанат Серікбаев

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев

73 келі: Данияр Шамшаев

81 келі: Абылайхан Жұбаназар

90 келі: Ермахан Әнуарбеков

100 келі: Нұрлыхан Шархан, Әділет Сапарғалиев

+100 келі: Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

48 келі: Абиба Әбужақынова, Диана Буркеева

52 келі: Толғанай Әбеуова

57 келі: Бақыт Құсақбаева

63 келі: Самалай Ерғалиева, Гүлнұр Баханова

70 келі: Екатерина Токарева

78 келі: Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина

+78 келі: Ақерке Рамазанова, Мадина Парагульгова

Үлкен дулыға бәсекесінде топ жарған дзюдошы 1000, күміс жүлдегер 700, қола алған екі спортшы 500 ұпайға ие болады. Алдағы күндері Түркиядағы турнирде 94 мемлекеттен келген 661 татами шебері күш сынасады.