Түркия кинотеатрларында қазақ қызы басты рөлде ойнаған «Ұят» фильмінің көрсетілімі басталды

Түркия кинотеатрларында қазақ қызы басты рөлде ойнаған «Ұят» фильмінің көрсетілімі басталды
Сурет: Kartinkin.net

Психологиялық драма жанрындағы туынды Ыстамбұл қаласында түсірілген.

Картина түрік және ағылшын тілдерінде. Сондай-ақ жерлесіміз - осы фильмнің продюсері. Бұған дейін голливудтық бірнеше кинокомпаниямен жұмыс істеген Надираның Семей полигоны туралы бір жобасы әйгілі «Эмми» сыйлығын алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұдан бөлек, жерлесіміз америкалық HBO компаниясымен бірге әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы да деректі фильм түсірген. Қазір продюсер Түркияда тарихи сериал түсіруге дайындалып жатыр. «Ұят» фильмі алдағы уақытта өзге елдерде де көрсетіле бастайды.

«Фильмді Ыстамбұлда шамамен 3 апта түсірдік. Кәсіби бір команда құрдық. Түрік, қазақ, ағылшын актерлары ойнады. Надира ханым әрі түсірілімге қатысты, әрі киноға дайындық кезеңінде көп көмек көрсетті. Алдағы уақытта фильмді бірқатар халықаралық кинофестивальдерге жіберу жоспарда бар», - деді фильмнің режиссері Кайхан Башоғлу.