Түркістан облысында нөсер жаңбыр жауып, ауылды су алды

Түркістан облысында нөсер жаңбыр жауып, ауылды су алды
Сурет: ТЖД

Бүгін де өңірде нөсер жаңбыр жауады

Түркістан облысында нөсер жаңбырдан кейін ауылды су басты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Жаңбыр салдарынан Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылын су алып жатыр. Жалпы, ауылдағы бір балабақша мен жеке сектордағы 25 ауланы және бірнеше көшені су басқан.

«Жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суды шығару және инертті материалдар салынған қаптарды төсеу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда 200-ден астам қап төселді. Су жиналуы ықтимал жерлерге тағы 300-ге жуық қап төсеу жоспарлануда» делінген ТЖД хабарламасында.

Синоптиктер бүгін де өңірде нөсер жаңбыр жауады деген болжам жасап отыр.