Түркістан облысында кенемен күрес шаралары күшейтіледі

Түркістан облысында кенемен күрес шаралары күшейтіледі
сурет: Inform.kz

Жұмыстар қатаң қадағалауда болады

Түркістан облысында кенемен күрес шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Көктемгі кезеңде Түркістан облысында 1,4 млн бас ірі мал мен 4,5 млн бас ұсақ мал залалсыздандырылған. Мамандардың сараптау қорытындысы иньекциялаудың оң нәтиже бергенін анықтады. Қазір маңызды шараның екінші кезеңі басталады. Бұл тұста үй іргесіндегі қора-жайларды залалсыздандыруға басты назар аударылмақ. Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының сапасы мен тиімділігін анықтау бойынша аудан, қалаларда тиісті мекеме қызметкерлерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылған. Сондықтан сала мамандарының жұмыстары қатаң қадағалауда болады. Сондай-ақ, конго-қырым қанды безгегінің табиғи ошақтарында орналасқан елді мекендерді қорғау бойынша жоспарлы шаралар биыл да жалғасады.