Алты қалада ауа сапасы нашарлайды

Алты қалада ауа сапасы нашарлайды
сурет: 24.kz

19 шілдеде Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы бірқалыпты болады. Тек қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Петропавл, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Жезқазған қалаларында күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.