Түркістан облысында автобус апатқа ұшырады

Түркістан облысында  автобус апатқа ұшырады
inform.kz

27 тамыз күні таңғы 07:18 шамасында Түркістан облысында Өзбекстаннан Қырғызстанға бара жатқан автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Ішкі істер министрігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен полицейлер Шақпақ ауылының маңында 601 шақырым жердегі жол қиылысында автобус жүргізушісінің қалғып кетуі салдарынан рульге ие бола алмай, жол шетіндегі ойпаң жерге түсіп кеткенін анықтады.

Тексеру барысында автобустың Өзбекстаннан Қырғызстанға бара жатқаны және ішінде шетел азаматтары бар екені белгілі болды. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жарақат алған шамамен 12 адам жақын маңдағы ауруханаға қаралды. Қайтыс болғандар жоқ.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігімен тіркеліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сараптамалар тағайындалды.

Оқиға орнында Түлкібас АПБ анықтаушылары жұмыс істеуде.