Түркістан қаласында із-түссіз жоғалған баланың денесі табылды

Түркістан қаласында із-түссіз жоғалған баланың денесі табылды
Сурет: Polisia.kz

Түркістан қаласында ойнауға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен 4 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұған дейін баланың 2 күннен бері іздесітіріліп жатқанын хабарлаған едік.

«3 желтоқсан күні күндіз үздіксіз жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 4 жасар баланың мәйіті көрші үй маңындағы кәріз құдығынан табылды. Баланың денесін судмедэксперттер тексеріп шығып, зорлық-зомбылық белгілерін таппады.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы, Полиция департаменті мен прокуратураның басшылығы оқиға орнында жүр. Болған жғдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр», — делінген полиция мәліметінде.

Бүлдіршін 1 желтоқсанда жоғалып кеткен еді, іздестіру жұмыстарына 1 мыңға жуық адам тартылды. Оның ішінде полиция мен төтенше жағдай департаменттерінің жеке құрамы, ұлттық ұлан сарбаздары, волонтерлер бар.