Түркістан облысында жоғалған 4 жасар бала екі күннен бері табылмай жатыр

Түркістан облысында жоғалған 4 жасар бала екі күннен бері табылмай жатыр
Сурет: Polisia.kz

Түркістан облысында жоғалып кеткен төрт жасар Айбар Бақытты іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Polisia.kz хабарлауынша, 1 желтоқсан кешкі уақытта полицияға жергілікті тұрғын арызданып, сол күні ойнауға шығып кеткен 4 жасар ұлының үйіне қайта оралмағанын айтқан. 

Жоғалған баланың жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге барлық аумаққа жолданды. 

Бақыт Айбар Алдиярұлы 25.05.2019 жылы туған. Бойы 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім болған.  Көрген-білген адамдар болса, шұғыл полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65,  8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666,  +77026376600, +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз, - делінген хабарламада.