Филиппинде 7,6 балдық жер сілкінісі тіркелді

Филиппинде 7,6 балдық жер сілкінісі тіркелді
Сурет: Tourdom.ru

Жер асты дүмпуі елдің оңтүстігінде тіркелді.

Ажал құшқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.  

Табиғи апаттан ғимараттар бүлініп, электр желілеріне зақым келген. Билік тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі 32 шақырым тереңдікте болған. Мамандар Индонезия, Палау, Малайзияның кей аймақтары мен Жапонияның оңтүстік-батыс жағалауында зілзала қаупі барын ескертті.