Қытайда ересектер мен балалар арасында белгісіз вирус тарауда

Қытайда ересектер мен балалар арасында белгісіз вирус тарауда
Сурет: Getty Images/CFOTO/Future Publishing

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл мәселеге байланысты Бейжіңмен тығыз байланыста екенін мәлімдеді.

Қытайда қазан айында тек балалардан табылған вирус ересектерден де анықталды. Соңғы мәліметтерге сай, бұл елде күніне ауруханаға 7 мыңнан аса науқас түседі. Инфекцияға шалдыққандардың көбі - солтүстік провинция тұрғындары, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жұқпалы ауру мұғалімдер мен оқушылар арасында көптеп тарап, мектептерде сабақ тоқтатылды. Белгісіз вирус кезінде қалтырау, дене қызуы көтеріліп, өкпеде түйіндер пайда болады, бірақ қатты жөтел болмайды. Ел билігі жұқпалы инфекцияның тарауын тоқтату үшін вирустың неден шыққанын анықтауға тапсырма берді.