Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады
Сурет: ашық дерекөз

 4 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігіне циклон және атмосфералық фронттар ықпал етеді. Соның әсерінен жаңбыр, қар жауып, елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ, бұрқасын болады.

Тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміз бойынша, тұман түсіп, жел күшейеді.