Алматыда кеңсе тауарларының бағасы 14,5%-ға қымбаттаған

Алматыда кеңсе тауарларының бағасы 14,5%-ға қымбаттаған
Сурет: FainaIdea.com

Жалпы, еліміз бойынша кеңсе тауарлары бір жылда 12,3%-ға қымбаттады.

Бірқатар өңірде баға 30%-дан астам өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлер арасында қымбатшылық, әсіресе, Түркістан облысында (50,1%) қатты сезіліп тұр. Атырау (31,1%) мен Ақмола (14,7%) облыстары, Алматы қаласында да (14,5%) баға едәуір өскен.

Ең төмен жылдық өсім Жамбыл облысында тіркелді: небәрі 1,2%.

Мысалы, сурет салуға арналған альбом бір жыл ішінде 14,1%-ға, қаламдар 13,2%-ға, түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы 12,1%-ға, дәптерлер 12%-ға, А4 қағазы 10,6%-ға қымбаттаған.

Жалпы, биыл шілде айында білім беру қызметтерінің бағасы 11,5%-ға көтерілді. Соның ішінде мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің бағасы бір жылда 7,1%-ға, орта білім 6,8%-ға, кәсіптік орта білім 11,7%-ға, жоғары білім — 17,7%-ға, ересектерге арналған білім 10,7%-ға өсті.

Өңірлер арасында бағаның ең жоғары өсімі Атырау (50%), Павлодар (19,4%) және Шығыс Қазақстан (19,1%) облыстарында байқалып отыр.