«Түрік халқы төзімділік пен ерлік таныта білді» - алматылық құтқарушылар іссапардағы естеліктерімен бөлісті

«Түрік халқы төзімділік пен ерлік таныта білді» - алматылық құтқарушылар іссапардағы естеліктерімен бөлісті
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматылық құтқарушылар Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге жылыну пункттерін ұйымдастырып, жер сілкінісінен зардап шеккен 300-ден астам адамға көмек көрсетті.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы Владимир Цой мен оның әріптестері қалай көмек көрсеткендерін айтып берді.

 «Біздің дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетті. Елестетіп көріңізші, адамдар тәулік бойы суықта жүр, оттың жанында кішкентай балалар болды. Мен оларға сыртынан қарап тұрдым, олар сондай төзімділік пен батылдық танытты», - деді Владимир Цой.

Ол 6 жасар ұлын денесімен жауып, құтқармақ болған ер адамның оқиғасын айтып берді. Бала аман қалуы мүмкін еді, бірақ оның жолы болмады, шкафтың бұрышы баланың басын тесіп кеткен. Бүкіл отбасын шығаруға тура келді.

«Маған бір әйел келіп, телефонынан 2,5 жасар қыздың суретін көрсетті. Қызын тауып беруімізді өтінді. Оның аянышты күйіне қарау өте қиын болды. Біз қызды таптық,  бірақ одан артық ешқандай көмек көрсете алмадық...», - дейді құтқарушы.
 
Владимир Цой түріктердің жандарына жақын келіп, құтқарушыларға және ел Президентіне алғыстарын білдіргенін айтты.

Құтқару бөлімшесінің басшысы Бауыржан Арыстанбаев дүмпулердің жұмысқа кедергі болғанын айтып, естеліктерімен бөлісті. Құтқарушылар жұмыс істеп жатқан жерлерде кез келген сәтте құлап кетуі  мүмкін толық қирамаған үйлердің сынықтары ілініп тұрған.
 
«Ең қиыны тұтастай отбасыларды қирандылардан шығару болды. Аман қалғандардың жолы болды, олар ашық қалған жерлерден шығарылды, бірақ ондай жерлер өте аз болды. Ең қауіпсіз орындар ғимараттардың тіректерінде болды», - деді Бауыржан Арыстанбаев.
 
Сонымен қатар, автотұрақтар аман қалған, бірақ адамдар ол жерлерге жетіп үлгермеген.

 Алматыдан Түркияға қызметтік иттері бар үш топ жіберілді. Олардың қатарында кинологиялық бөлімнің бас құтқарушы маманы Ерік Берлыбеков пен оның овчарка иті Джейкоб болды. Кинолог пен қызметтік итке әртүрлі жағдайда жұмыс істеуге тура келді, жерде арматура мен сымдар шығып тұрды, алған жарақаттарына қарамастан, ит те іздеуді тоқтатпады. Джейкобқа өзін мақтап, әрі  сүйікті добымен ойнатып қойса болғаны.

«Ит 20 минут жұмыс істеп, 10 минут демалды. Олар учаскені секторларға бөлді. Бірде барлық иістер, оның ішінде азық-түлік, тұрмыстық химияның иісі де араласып кеткен аумаққа тап болдық.  Біз тазалап жүріп, итті кіргіздік. Ол шеңбер жасап, тапқан орнын өзінің үруімен білдірді. Құтқарылғандарды осылай таптық», - деп толықтырды Ерік Берлыбеков.

Жедел құтқару жасағының жас құтқарушысы Серғазы Әбдіқадыр алғаш рет шетелге іссапарға шығыпты. Түркияда ол құтқару жұмыстарының видеосын түсіріп, оны өзінің жеке парақшасында жариялаған. Осы арқылы ол жігіттердің жұмысын көрсеткісі келген, бірақ оның суреттері танымал болады деп ойламапты.  Ол өзін батыр санамайды, бірақ адамдарды құтқаруды ортақ еңбек деп біледі.