ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ (10–17 ақпан)

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ  (10–17 ақпан)
1prof.by

ТОҚТЫ (21 наурыз – 20 сәуір)

Аптаның алғашқы күндері қызықты жаңалықтарға толы болмақ. Белең алатын оқиғалар сіздің бастамаңыз арқылы өрбімек. Қолыңыздан келетін істі жетілдіріп, өміріңізге өзгеріс енгізуге ұмтылыңыз. Сізді алда жан тебірентерлік әсер мен қайталанбас оқиғалар күтіп тұрғанын естен шығармаңыз.

 ТОРПАҚ (21 сәуір – 21 мамыр)

Демалыс күндеріңіз барынша қызықты әрі сәтті өтпек. Сіз айналаңызда болып жатқан  оқиғаларға шын көңілмен қызғушылық білдіріп, қоғамдық өмірде белсенді боласыз. Айналаңыздағы адамдардың көзайымына айналып, өміріңізге елеулі өзгерістер енгізетін беделді қауыммен танысуыңыз ықтимал.

 ЕГІЗДЕР (22 мамыр – 21 маусым)

Осы аптада барынша жақсы жағыңыздан көрінесіз. Бұл - тұрмыстық мәселелерді шешуге қолайлы уақыт. Керекті жұмыспен айналысып және оған ерекше көңіл бөліп, өз беделіңізді арттырасыз. Қиын жұмыстарды істеуге мүмкіндігіңіздің барын көрсетесіз.

 ШАЯН (22 маусым – 22 шілде)

Апта басы шаяндар үшін таныстық аясын кеңейтетін және шақырған жерден қалмаудың маңызын түсіндіреді. Демалыс күндері қызықты адамдармен танысып, олардың көмегімен іскерлік байланыс орнатасыз. Осы аптада сіздің ақыл-кеңесіңіз достарыңызға аса қажет болуы мүмкін.

 АРЫСТАН (23 шілде – 23 тамыз)

Туыстарыңыздың ескі суреттерін қалпына келтіріңіз. Бәлкім, осы күндері өз отбасыңыз жайлы өзіңіз білмейтін құпиялар ашылар. Аптаның екінші жартысында өз жақындарыңыздан жағымсыз хабар естуіңіз мүмкін, ол хабар сіздің беделіңізге зардабын тигізеді.

 БИКЕШ  (24 тамыз – 22 қыркүйек)

Асықпаңыз, барлығына бірден қол жеткізбейсіз, кейде қалаған нәтижеге жетпес бұрын сізге бірнеше рет әрекет ету қажет. Кездейсоқ кездесулер болуы мүмкін. Кейбір бикештер бұрын көп жақсы сөздер естіген адамдарымен сөйлесе алады. Ұзақ достық осындай танысудан басталуы мүмкін.

 ТАРАЗЫ (23 қыркүйек – 22 қазан)

Таразылардың еңбекке құлшынысы артады. Осы уақытта өзіңіздің қаржыға қатысты көзқарасыңызды әбден таразылап, түйінді, шешуі қиын сұрақтарға ден қойып, мойын бұрғаныңыз дұрыс. Жақсылап еңбектенгеніңіз сізді пайдаға кенелтеді.

 САРЫШАЯН (23 қазан – 21 қараша)

Апта басын ой-өрісіңізді дамытуға, жеке тірліктеріңізді шешуге, айналаңыздағы дос-жарандарға да кеңес беруге арнайсыз. Демалыс күндері ұялы телефоныңызды, ғаламторыңызды өшіріп, жан рахатына бөленіңіз, жақсылап демалып, бойыңызды сергітіп алғаныңыз жөн.

 МЕРГЕН (22 қараша – 21 желтоқсан)

Ерекше белсенділігіңіз өзіңізге кедергі жасайды. Қателіктер жіберіп, жылдам ашулануға бейім келесіз. Алайда, кешке бар қиындықтарыңызды оңай шешіп алуға мүмкіндік туады. Келесі аптаға жаңа жоспар құрасыз. Жақындарыңыз сізді бағалайтын болады.

 ТАУЕШКІ (22 желтоқсан – 20 қаңтар)

«Бір қиындықтың артынан екі жақсылық күт» демекші, кез келген қиындыққа шыдап бағыңыз. Ісіңіз алдағы уақытта алға басуы мүмкін. Сондықтан бәріне түсіністікпен қарағаныңыз абзал. Кейбір адамдармен тіл табысу, түсінісу қиындау болуы мүмкін. Бірақ бәрі өткінші екенін естен шығармаңыз.

 СУҚҰЙҒЫШ (21 қаңтар – 19 ақпан)

Достарыңыздың арасында ештеңені сезіне қоймасаңыз да, отбасыңыздағы түсініспеушілік ушығуы ықтимал. Жақындарыңыздың жаман жағын емес, жақсылығын көре білгеніңіз өзіңізге де жеңілдік әкеледі.

 БАЛЫҚТАР  (20 ақпан – 20 наурыз)

Аптаның алғашқы күндері өзіңізді жайсыз, ешкімге керек еместей сезінесіз. Денсаулығыңызды күтіңіз. Махаббатта жолыңыз болмайды. Бірақ істеген әрбір іс-әрекетіңіз тек болашақта бақытты болуға жасалған қадамдардың бірі деп қараңыз.

 Әзірлеген Ақтолқын ҒАЛЫМҒАЗЫҚЫЗЫ.