Тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны қаншаға жетті?

Тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны қаншаға жетті?
Сурет: Inform.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрғандардың саны 590 мыңнан астам адамды құрайды. Кезекте тұрғандар санының өсуіне байланысты тұрғын үйге елеулі жеңілдікті бағалар мен кредит бойынша пайыздық мөлшерлемелер түрінде мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларының тартымдылығы айтарлықтай әсер ететінін атап өту қажет», - деп жазды Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.

Жалпы, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған негізгі мемлекеттік қолдау шаралары мынадай ынталандырушы тетіктер арқылы қолжетімді болады:

- Кезекте тұрғандардың жалдау ақысын субсидиялау; 

- Өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салған ауылдағы жұмыс берушілер шығындарының 50%-ын субсидиялау;

- Азаматтарға 2% және 5% мөлшерлеме бойынша жеңілдікпен кредит беру; 

«Аталған шаралар есебінен 10 жыл ішінде табысы әртүрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға кешенді мемлекеттік қолдау көрсету жоспарланып отыр», - деп түйіндеді Премьер-Министр.