Тұңғыш Президент күні «мемлекеттік мереке» мәртебесінен айырылуы мүмкін

Тұңғыш Президент күні «мемлекеттік мереке» мәртебесінен айырылуы мүмкін
Сурет: Еgemen.kz

Тиісті заң жобасы бүгін төменгі палатаның жалпы отырысында қаралады.

Депутаттар 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Депутаттар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау үшін, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға бірқатар түзетулер енгізді.

Атап айтқанда, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылады.

Сондай-ақ 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні ретінде белгіленеді.

Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болады.