Тұман, шаңды дауыл, жаңбыр

Тұман, шаңды дауыл, жаңбыр
Сурет: ашық дерекөз

Қазгдромет синоптиктері 8 қараша, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен күн ашық болады, жауын-шашын жаумайды. 

Еліміздің батысында және оңтүстігінде циклон мен атмосфералық фронттарға байланысты жаңбыр жауады. 

Республиканың солтүстік-батысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауып, жел күшейеді.

Қазақстан бойынша тұман түседі, еліміздің оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады