Надежда Морозова әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алды

Надежда Морозова әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алды
Cурет: Olympic.kz

Ол 01:56.925 уақыт көрсеткішімен үздік үштікке енді

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы маусымдағы алғашқы әлем кубогі кезеңінен жүлде алды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

1500 метрге жарысудан А тобында сынға түскен Надежда Морозова қола жүлдегер атанды. Ол 01:56.925 уақыт көрсеткішімен үздік үштікке еніп отыр.

Алтын медальді жапондық Михо Такаги (01:56.000), күмісті америкалық Бриттани Боуи (01:56.606) жеңіп алған.

Айта кетелік, бүгін әлем кубогі алғашқы кезеңінің соңғы жарыс күні өтуде.