Алматыда бір тәулікте 10 мыңнан астам адам екпе алды

Алматыда бір тәулікте 10 мыңнан астам адам екпе алды
Сурет: Newtimes.kz

Шаһарда бір тәулікте 10 725 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«6 қыркүйек күні 10 725 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 4 679 , II компонентін 6 046 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 6 қыркүйек аралығында қалада 890 884 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 775 636 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 114 236 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған.

«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.