Турист 50 метр биіктен құлап қаза болды

Турист 50 метр биіктен құлап қаза болды
Сурет: ашық дереккөз

Түркияда Кепрюлю каньоны маңында турист 50 метр биіктен құлап қайтыс болды, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz  NTV.com.tr сайтына сілтеме жасап.

Германия азаматы Тхо Вильенборг каньонда бірнеше суретке түсу үшін танымал туристік орынға барған. Осы кезде көпірде тұрған ер адам тепе-теңдігін жоғалтып, 50-55 метр биіктен шыңырауға құлап кеткен.

Жауапты түрік қызметтері оқиға орнына дереу жетті, бірақ олар туристі аман алып қала алмаған, тек оның қазасы расталды.