Көмектесу - игі қасиет

Көмектесу - игі қасиет
Сурет: Кazguiu.edu.kz

Жәрдемдесе білу де - өнер

"Жақсылық әлемді құтқарады" деп жатады. Игі іс жасау әркімнің қолынан келеді. Соның ішінде қасыңдағы әріптесіңе, досыңа, танысыңа, қала берді танымайтын жанға жәрдемдесу кісіліктің шыңы саналады. Бұл адамзат баласы жаралғаннан бастап келе жатқан жақсылық. Мұндай жақсы істердің үлкен-кішісі болмайды.

Игі іс. Амеркалық жазушы Стивен Кинг «Неше түрлі сиқырлардың болуы мүмкін. Бірақ өзіне көмектескен адамға ғана Құдай көмектесетінін ешқашан естен шығармаңыз» депті. Қаламгер әртүрлі фантастикалық жанрға қалам тербесе де, өмір шындығын дөп басып жеткізіп тұр. Өзімізге қол ұшын беріп, керек кезде жәрдемдесіп жіберсе, сондай жадыраймыз. Солай ететін жандар өмірде көп деп білеміз. Ондай адамдарға мың рақмет!

Қазақта «адам күні – адаммен» деп айтады. Осы сөздің құдіретінің күн сайын артып жатқанын көзіміз шалып жүр. Философтар барлық келеңсіздіктерді заманға емес, өзінен іздеп түзеткенді жөн көреді. Бәлкім, ол үшін ең әуелі әрбір адам өзін жақсылыққа бағыттағаны абзалырақ болар.

Түйін. Не керек жатқан байлық судай тасып,

Тұрмасаң қалың жұртқа қарайласып, - депті өзбек ақыны Әлішер Науаи. Ғұлама екі шумақ өлең жолымен ғажайып ойды түйіндеп тұр. Жақсылық жасау адам жанын әрқашан жадыратары сөзсіз.