Тоқаев жұмыс сапарымен Санкт-Петербургке барады

Тоқаев жұмыс сапарымен Санкт-Петербургке барады
Сурет: Facebook.com

ТМД басшыларының Жаңа жыл қарсаңында өткізетін осындай форматтағы кездесуі дәстүрге айналды.

28 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жиын барысында Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындылары, көпжақты ықпалдастықты дамытудың перспективалары және Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланбақ. Сонымен қатар халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері қарастырылады деп жоспарлануда», -деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында.