Төреғали қамаудан шықты

Төреғали  қамаудан шықты
Сурет: интернеттен

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Әнші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл хабарды әншінің адвокаты Елнұр Кішкенебаева да әлеуметтік желіге жазды.

«Төреғали ұлдарыңыз бостандыққа шықты. Барша қолдап, қорғаған оқырмандарға мың алғыс! Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рақмет айтамын!», - деп жазды ол.

14 маусым  күні  әнші Алматыда полицейлерге бой бермей, оқиға орнынан қашып кеткісі келген еді. Содан кейін патрульдік полиция қызметкерлері Төреғали Төрәлі жүргізген автокөлікті қуып жетіп, әншіні түсіріп алып, медициналық сараптама жасатқан. Соның нәтижесінде әншінің есірткі қолданғаны расталды. Сол күні ол әкімшілік жауапқа тартылды.

Сосын 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Одан кейін изолятордағы 20 күндік жазасына тағы үш күн қосылды.

3 шілдеде әлеуметтік желіде әншінің көлік жүргізгені туралы ақпарат тарады. Дәл сол күні Төреғали Төрәлінің қамаудағы мерзімі тағы 15 күнге ұзартылды.